Шығанақ ауылында орналасқан «Досекеұлы Абсат» мешітінде «Дін мен дәстүр» тақырыбында тағылымды уағыз-насихат өткізілді. Уағызды мешіттің имамы Тусупов Рақымбай жүргізіп, жамағатқа рухани маңызы зор ойлар айтты.
Күндердің сұлтаны жұма күні өткен уағызда имам ислам дінінің қазақ халқының салт-дәстүрімен тығыз байланыста екенін, ата-бабадан мирас болып қалған ізгі әдет-ғұрыптардың шариғатқа қайшы келмейтінін түсіндірді. Сондай-ақ ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, дінді дұрыс түсіну мен оны өмірде сауатты ұстанудың маңыздылығына тоқталды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


13 Март 2026
24 Рамадан 1447

