Мойынқұм ауданына қарасты Биназар ауылдық «Қасымбек Қажы» мешітінің имамы Қуаныш Ескараевтың демеушілігімен ауыл көлемінде тағылымды насихат жұмыстары өткізілді. «Арақ – бүкіл жаманшылықтың көзі» атты тақырыпта өткен бұл бастама қоғамды зиянды әдеттерден сақтандыруға бағытталды.
Насихат барысында ауыл дүкен иелеріне арақ-шарап өнімдерін сатудың адам өмірі мен қоғамға тигізер кері әсері түсіндіріліп, ішімдік саудасын доғарудың маңыздылығы айтылды. Дін маманы арақтың отбасылық берекені бұзып, түрлі әлеуметтік мәселелерге себеп болатынын атап өтті.
Аталған бастама ауыл тұрғындары тарапынан қолдау тауып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, жастарды теріс әрекеттерден сақтауға үлкен ықпал ететіні айтылды. Мұндай рухани-тәлімдік жұмыстар қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға қызмет ететіні сөзсіз.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


19 Январь 2026
30 Раджаб 1447

