#Шу: Шу ауданында әйел-қыздар секторындағы үздік ұстаздар марапатталды

#Шу: Шу ауданында әйел-қыздар секторындағы үздік ұстаздар марапатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданында әйел-қыздар секторы аясында қызмет етіп жүрген үздік ұстаздарды ұлықтау шарасы өтті. Аталған шарада өз еңбегімен ерекшеленген Ғалия Байториева, Сәуле Нұрсұлтанқызы және Зейне Жанұзақ ұстаздарға облыстық басқарма атынан алғыс хаттар табысталды.

Марапаттау рәсіміне Шу аудандық бас имамы Алмас Кенжемолдаев ұстаздардың атқарып жатқан еңбегіне ризашылығын білдіріп, олардың діни-ағартушылық саладағы үлесін жоғары бағалады. Сонымен қатар, үздік ұстаздарға қаржылай сыйлықтар табысталды.

Бұл шара әйел-қыздар арасында діни білім мен тәрбие беріп жүрген ұстаздардың еңбегін насихаттауға, олардың қоғамдағы мәртебесін арттыруға бағытталды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: