#Шу: Орталық «Жәми» мешітінде Ережеп айына орай игі шара өтті

#Шу: Орталық «Жәми» мешітінде Ережеп айына орай игі шара өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Ережеп айының келуіне орай Орталық «Жәми» мешітінде тәрбиелік мәні зор шара ұйымдастырылды. Мешітте ілім алып жүрген шәкірттерге арнайы дайындалған тәттілер салынған қораптар таратылды.

Шара барысында мешіт жамағаты 50-дей шәкіртке Ережеп айының рухани құндылығы мен маңызын кеңінен түсіндіріп, ізгі ниетпен сый-сияпат жасады. Бұл бастама жас өскіндердің діни білімін тереңдетіп, олардың бойына имандылық пен ізгілікті сіңіруге бағытталған игі қадам ретінде бағаланды.

Аталған шара демеушілердің қолдауымен жоғары деңгейде өтті. Қайырымдылық іс-шарасына жалпы 200 000 теңге көлемінде қаражат жұмсалды.

Мешіттің бас имамы Алмас Кенжемолдаев осындай сауапты істердің алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтып, демеушілер мен белсенді жамағатқа алғысын білдірді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: