#Т.РЫСҚҰЛОВ: «ЖАСТАР ЖӘНЕ ОТАН» ТАҚЫРЫБЫНДА УАҒЫЗ АЙТЫЛДЫ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: «ЖАСТАР ЖӘНЕ ОТАН» ТАҚЫРЫБЫНДА УАҒЫЗ АЙТЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Түзелбеков Қуаныш жамағатқа «Жастар және отан» тақырыбында уағыз айтты.

Бас имам уағызында: «Туған елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілік − әрбір жан үшін аса киелі ұғым, ыстық сезім. Отан дегеніміз туып-өскен отбасымыз, ата-анамыз, ауасын жұтып, суын ішіп жүрген, кең-байтақ атамекеніміз. Міне, осы туған ел мен жерге ие болу, амандығын тілеу әрбір мұсылманның діни әрі азаматтық  борышы. Расында біздің ата-бабамыз аса отаншыл, елжанды, ұлтжанды болған. Егер Алаш жұртының бірлігі болмаса, отансүйгіштік жанқиярлығы болмаса, бұл жер, қазақ деген халық, Қазақстан деген кең-байтақ тәуелсіз ел де болмас еді. Отан елден, жерден тұрады. Ал әлеуметтің, қоғамның бірлігі – Отанның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұқара халық арасында ауызбірлікті, ағайыншылдықты уағыздау Жаратқанның бұйырған ісі,- деп, баяндап өтті.

 

Қуаныш Түзелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: