Мойынқұм ауданына қарасты Шығанақ ауылындағы «Досекеұлы Абсат» мешітінің имамы, елге сыйлы дін қызметкері Рақымбай Түсіпов көпжылдық адал еңбегі үшін жоғары марапатқа ие болды.
20 жыл бойы діни қызмет атқарып, дін мен дәстүрді ұштастыра отырып, ауыл халқын имандылыққа, бірлік пен татулыққа үндеп келеді. Осы еңбегі ескеріліп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас мүфтиі хазреттің атынан арнайы төс белгімен марапатталды.
Бұл марапат – бір ғана дін қызметкерінің емес, тұтас ауылдың мерейін өсірген игі оқиға. Имандылық жолындағы адал еңбек әрдайым құрметке лайық екенінің айқын дәлелі.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


13 Март 2026
24 Рамадан 1447

