#Т.РЫСҚҰЛОВ: «ДІН МЕН ДӘСТҮР- РУХАНИ ТӘРБИЕ» АТТЫ УАҒЫЗ АЙТЫЛДЫ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: «ДІН МЕН ДӘСТҮР- РУХАНИ ТӘРБИЕ» АТТЫ УАҒЫЗ АЙТЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Қарақат ауылы «Сүлеймен»  мешітінің имамы Азамат Барменұлы жамағатқа «Дін мен дәстүр – рухани тәрбие» тақырыбында уағыз-насихат жасады.

Ауыл имамы уағызында: «Қазіргі заманда балаларды тәрбиелеудің ең тиімді жолдарының бірі – дін мен дәстүрді сабақтастырып, имандылыққа баулу. Өйткені жетілген екі дінгек –баланы ізгілікке, мейірімге, адалдыққа шақырады. Әрбір ата-ана өз ұрпағының жақсы адам болып өсуін қалайды.  Ол үшін бала бойына ең әуелі рухани құндылықтарды сіңіру қажет. Дін мен дәстүр арқылы тәрбиелеу – баланы қорқыту немесе міндеттеу емес, керісінше, оған жүрек жылуымен, сүйіспеншілікпен дұрыс жолды көрсету. Имандылыққа тәрбиеленген бала үлкенді сыйлайды, кішіні құрметтейді, өтірік айтпайды, жаман әдеттен бойын аулақ ұстайды», - деп, кеңінен жеткізді.

 Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: