#Мойынқұм: Бірлік ауылында боздақтар рухына тағзым жасалды

#Мойынқұм: Бірлік ауылында боздақтар рухына тағзым жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бірлік ауылында ел Тәуелсіздігі үшін құрбан болған азаматтардың рухына арналып Құран бағышталды. Тағылымды жиында азаттық жолында жанын қиған жандар еске алынып, жамағат бір сәтке өткенге тағзым етті.

Игі шарада «Бірлік» мешітінің имамы Серік Смайлов қасиетті Құран аяттарын оқып, дұға жасады. Сонымен қатар ол сөз алып, Тәуелсіздік жолындағы ерліктің айқын үлгісіне айналған Қайрат Рысқұлбековтің ел үшін атқарған жанқиярлық ісін, оның өшпес ерлігін жамағатқа кеңінен жеткізді.

Осындай рухани жиындар жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен елжандылықты сіңіруге сеп болатынын жеткізді. Шара елдік рухты көтеріп, бірлік пен тағзымды дәріптеген мәнді басқосуға айналды.

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: