#Мойынқұм: Мойынқұмда Тәуелсіздік боздақтарына Құран бағышталды

#Мойынқұм: Мойынқұмда Тәуелсіздік боздақтарына Құран бағышталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мойынқұм ауданында ел тәуелсіздігі жолында жанын қиған ардақты боздақтарға, соның ішінде Қайрат Рысқұлбековтің рухына арналып тағылымды діни шара өтті. Игі жиында Тәуелсіздік үшін күрескен батырлардың есімі құрметпен аталып, жиналған жамағатпен бірге Құран оқылып, дұға бағышталды.

Шара барысында ауданның бас имамы Ержан Көшкімбай қасиетті Құран аяттарын оқып, жамағатқа тәуелсіздіктің мәні мен маңызы туралы насихат айтты. Ол өз сөзінде азаттықтың оңайлықпен келмегенін, оны қорғау мен қадірлеу әрбір азаматтың парызы екенін атап өтті.

Имамның айтуынша, Тәуелсіздік – бабалар аманаты, ал оны ұрпақ санасына сіңіру рухани тәрбиемен тікелей байланысты. Осындай игі жиындар жастарды отансүйгіштікке, ел тарихын құрметтеуге баулиды.

Тағылымды шара ел үшін жанын қиған ерлерге деген тағзымның, Тәуелсіздік құндылығын ұлықтаудың жарқын көрінісі болды.

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: