ЖАМБЫЛ ИМАМДАРЫ ҚМДБ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БАҒДАРЛЫҚ БАЯНДАМАСЫН ТЫҢДАДЫ

ЖАМБЫЛ ИМАМДАРЫ ҚМДБ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БАҒДАРЛЫҚ БАЯНДАМАСЫН ТЫҢДАДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының 2026 жылға арналған Бағдарлық баяндамасы өтті. Маңызды жиынға Жамбыл облысының қала және аудан бас имамдары онлайн форматта белсенді түрде қатысты.

Жиын қасиетті Құран Кәрім аяттарын оқумен басталып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елдің амандығы мен тыныштығы үшін арнайы дұға жасады. Онлайн қосылған Жамбыл имамдары Бас мүфтидің алдағы жылға арналған бағыт-бағдары мен ұсыныстарын мұқият тыңдап, діни қызметтің өзекті мәселелеріне қатысты маңызды ой түйді.

Басқосу барысында биылғы жыл «Ислам және адал қоғам» деп жарияланып, қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайту, әділдік пен адалдықты дәріптеу бағытындағы міндеттер айқындалды. Шара соңында Жамбыл өңірінің имамдары Бағдарлық баяндамадан алған әсерлерімен бөлісіп, алдағы жұмыстарға серпін алғандарын жеткізді.

Айта кетейік, жиынға Діни басқарма қызметкерлері, облыстардың бас имамдары, ҚМДБ Ақсақалдар, Ғұламалар, Сарапшылар кеңесі мен РАНТ мүшелері, зиялы қауым өкілдері, діни оқу орындарының басшылары мен ұстаздары қатысты.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: