«Отан – отбасыдан басталады» деген дана қазақ халқының сөзі – өмірдің өзінен алынған ұлағатты нақыл. Себебі адам бойындағы адамгершілік, имандылық, әдептілік, кішіпейілділік сынды асыл қасиеттердің барлығы отбасында қалыптасады.
Отбасының іргетасы берік болуы – әр мүшенің өз міндетін дұрыс атқаруында. Белгілі бір тәртіп пен сыйластық орнаған жанұяда ғана тыныштық пен береке болады. Осы бағытта Қордай ауданы әйел-қыздар секторының жетекшісі Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен жамағатқа «Бақытты отбасы — қоғамның тірегі» тақырыбында насихат айтылды.
Іс-шараға аудан ұстаздары Малика Аханқызы мен Айгүл Жолдасқызы да қатысып, өз уағыз-кеңестерін жеткізді. Берекелі де ғибратты кездесуден жамағат мол әсер алды. Алла Тағала барша отбасыларға жақсылық, жеңілдік пен береке нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



18 Январь 2026
29 Раджаб 1447

