Расында, адамның ең жақсысы – өзге адамдарға пайдасы тигені, ал амалдардың ішіндегі Аллаға ең сүйіктісі – адамдардың жүрегіне қуаныш сыйлау. Жамбыл облысы, Қордай ауданы әйел-қыздар секторының жетекшісі Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен Рамазан айына рухани дайындық мақсатында бастау алған «Жұмадал әууәл» айы марафоны өз жалғасын «Жұмадәл ахир» айында табуда.
Қыз-келіншектер қасиетті Рамазан айына үлкен ықыласпен әзірлік жасап, күндерін құлшылықпен, түндерін дұғамен және Құран оқуымен безендіруде. Көпшілігі қаза оразаларын өтеу, Құран хатымдарын аяқтау сияқты сауапты амалдармен айналысуда. Марафон аясында күн сайын рухани және ізгі амалдарға бағытталған тапсырмалар беріліп, қатысушылардың имани серпілісіне себеп болуда. Барша нәзік жандылардың амалдары қабыл болып, ниеттері берік, жүректері иман нұрына толы болғай! Алла Тағаланың үздіксіз жәрдемі мен берекесі баршаға нәсіп болсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



18 Ноябрь 2025
27 Джумада-авваль 1447

