Алла Тағаланың сүйікті құлдарының қатарынан көрінгісі келген адам ең алдымен тазалыққа, қоршаған ортаның көрікті болуына көңіл бөлуі қажет. Себебі Ислам дінінде тазалық – иманның жартысы. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) да мұсылманды қоршаған ортаны ластамауға шақырған.
Осыған орай аудандық «Қордай» мешіті ауласында мешіт қызметкерлері мен шәкірттерінің қатысуымен кең көлемді тазалық жұмыстары жүргізілді. Қоршаған ортаны таза ұстау, мешіт айналасын абаттандыру – әрбір мұсылманның ортақ міндеті екенін ұмытпауымыз керек. Тазалық жұмысына белсене атсалысқан барша мешіт қызметкерлері мен шәкірттерге Алла Тағала разы болсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



18 Ноябрь 2025
27 Джумада-авваль 1447

