Мойынқұм аудандық "Мойынқұм" мешітінде рухани бағыттағы «Пәтуа сағаты» өтті. Кездесуді ауданның бас имамы Ержан Көшкімбаев жүргізіп, жамағатқа діни мәселелер төңірегінде тағылымды уағыз айтты.
Уағыз барысында имам күнделікті өмірде шариғат талаптарын дұрыс ұстанудың маңызын атап өтіп, дін мен дәстүр сабақтастығының мәнін түсіндірді. Сонымен қатар, жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берілді.
«Пәтуа сағаты» рухани танымды арттырып, қоғамдағы имандылық пен бірлікті нығайтуға бағытталған маңызды шара ретінде көпшілік көңілінен шықты.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



18 Ноябрь 2025
27 Джумада-авваль 1447

