Қордай: Әйел-қыздар жамағатына Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай ашық сабақ өтті

Қордай: Әйел-қыздар жамағатына Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай ашық сабақ өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы, Қордай ауданы мешіттерінде қоғам қайраткері, ақын, ағартушы Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған ашық сабақтар өтті. Әйел-қыздар жамағатына бағытталған бұл шараның мақсаты – ұлт көсемдерінің ел тәуелсіздігі мен рухани ояну жолындағы еңбегін дәріптеу және өскелең ұрпаққа үлгі ету болды. Ашық сабақ барысында қатысушылар Міржақып Дулатұлының халқына арнаған: «Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты,-деген өлең жолдары арқылы елді білімге, өркендеуге шақырған рухани үндеуінің мәнін талқылады.

Ол өз халқын еркіндік пен дамуға бастайтын басты жол – қараңғылық пен надандықтан арылу деп білген. Сондықтан да өмірінің соңына дейін «Оян, қазақ!» ұранынан тайған жоқ. Мешіт ұстаздары мен қатысушылар қоғам қайраткерінің елі үшін сіңірген еңбегін еске алып, рухына дұға жасады. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, ұрпағымыз саналы, иманды болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: