ИМАМДАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

ИМАМДАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 

"Мұнара" газетінің директоры Ағабек Қонарбайұлы мен редакторы Серікбол Хасан Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітіне арнайы келіп, өңір имамдарымен "Медиадағы уағыз-насихат" тақырыбында мазмұнды семинар өткізді. Атаулы басқосу – діни ағарту саласындағы қарым-қатынасты күшейтіп, ақпараттық өзара қолдауды бекемдеуді мақсат еткен маңызды шаралардың бірі болды.

Кездесуге ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы жетекшілік етті. Жиында Тараз қаласы мен аудандардың бас имамдары және наиб имамдары бас қосып, діни насихат, ақпараттық жұмыстар, бұқаралық медиадағы мазмұн сапасы туралы кеңінен пікір алмасты.

Басылым басшылығы өңір имамдарының газетті таратудағы елеулі еңбегін атап өтіп, шынайы алғыстарын білдірді. Имамдардың ауыл-аймақтағы белсенділігі мен халықпен тығыз байланысы басылымның оқырманға сапалы түрде жетуіне үлкен үлес қосып келе жатқаны айтылды.

Семинарда ауызекі түрде айтылатын ойлардың кейде жазба тілде дәл берілмей қалуы, әлеуметтік желіде оқырман жинау үшін қойылатын тауарлық, бірақ мазмұнға сай келмейтін тақырыптардың қателігі талқыланды. Баяндамашылар имамдарды сапалы контент жасауға, ойды нақты жеткізуге, дұрыс әрі әсерлі тақырып қоюға шақырды.

"Иман" журналы мен "Мұнара" газетінің өкілдері діни ақпаратты сауатты тарату, оқырманмен дұрыс жұмыс жүргізу, фейк ақпараттан сақтану, тақырыптық жоспар құру мәселелері бойынша тәжірибемен бөлісті. Имамдар да өз сауалдарын қойып, пікір алмасты.

Ағабек Қонарбайұлы мен Серікбол Хасан қазіргі медианың ықпалы артқан шақта діни-ағартушылық жұмыстың сауатты, түсінікті әрі тартымды форматта жүргізілуі маңызды екенін атап өтті. Бұл бағыттағы оқыту сапары еліміздің барлық өңірлерінде жалғасуда.

Шара соңында тараптар ақпараттық тиімділік пен діни насихаттың сапасын арттыру жолындағы ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін жеткізді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: