Қасиетті жұма күні Шу ауданының рухани өмірінде айрықша сәт орын алды. Ауданның бас имамы Алмас Кенжемолдаев «Айтқұл баба» мешітіндежұма намазын өткізіп, жамағатпен жүздесті.
Мешітке жиналған көпшілікке имам «Исламдағы жастар тәрбиесі» тақырыбында әсерлі уағыз айтты. Ол сөзінде жас ұрпақтың рухани тәрбиесіне, ата-ананы құрметтеу мен имандылыққа баулудың маңыздылығына тоқталды.
«Жастық шақ – өмірдің көктемі. Көктемде егілген дән ғана күзде өнімін береді. Сол себепті ислам тәрбиесі де жас буында рухани кемелдікке бастайтын уақыт ретінде қарастырады» - дейді өз сөзінде дін маманы.
Жұма намазы соңында жамағат имамға алғысын білдіріп, еліміздің амандығы мен бірлігі үшін дұға жасады.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



19 Ноябрь 2025
28 Джумада-авваль 1447

