Жастар – ұлттың болашағы, елдің ертеңі. Сол себепті оларды имандылыққа, руханиятқа тәрбиелеу – қоғамның ең басты міндеттерінің бірі. Имандылық – адам бойындағы ізгілік пен әділдік, ар мен намыстың, сабыр мен қайырымдылықтың бастауы.
Жастардың жүрегіне иман нұрын ұялату, оларға дұрыс бағыт беру – салиқалы жандардың парызы. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үмбетін әрдайым жастарды дұрыс жолға бастауға шақырған. Себебі иманды жас – елдің тірегі, ал тәрбиесіз, рухани құндылықтан ада ұрпақ – қоғамның әлсіреуіне себеп болатын ең үлкен қатер. Осы орайда Жамбыл облысы, Қордай ауданының аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Жанұзақ Рысбекұлы «Рахман» мешітінде жамағатқа насихат айтып, жұма уағызын жүргізді.
Уағыз барысында имам жастардың тәрбиесі мен рухани болмысының маңызы жайында әсерлі сөз қозғап, жамағатқа өнегелі ойлар айтты. Жастарымыз белсенді, білімді, саналы, салихалы болсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



19 Ноябрь 2025
28 Джумада-авваль 1447

