Ақермен ауылы «Ғаббас» мешітінің жанындағы діни сауат ашу курсында тәлім алып жүрген шәкірттер арасында футболдан жарыс өтті.
Жарыстың мақсаты – шәкірттердің өзара ынтымағын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және бос уақытты тиімді өткізу болды. Жарыс соңында үздік ойын көрсеткен командалар мен жеке ойыншылар марапатталды.
Шара соңында мешіт ұстаздары жастарды спортпен айналысып, денсаулықты күтуге шақырып, насихат айтты.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі


07 Ноябрь 2025
16 Джумада-авваль 1447

