Меркі: «Ислам ғибадаты» кітабынан дәріс өтікізілуде

Меркі: «Ислам ғибадаты» кітабынан дәріс өтікізілуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Андас батыр ауылдық мешітінің жамағатына «Ислам ғибадаты» кітабынан дәріс өткізілді.

Белгілі ағартушы, ғалым Ахмад Һади Мақсудидің (1868 - 1941) «Ғибадат исламия» кітабы Ресей, Орта Азия және Қазақстан мұсылмандары арасында кеңінен таралып, ұзақ жылдар бойы медреселерімізде оқытылып келген. «Ислам ғибадаты  (Ғибадат исламия)»   кітабы алғаш рет татар тілінде басылып, кейіннен түркі-шағатай тілінде Ташкент баспаханасынан шыққан. Бес бөлімнен тұратын бұл кітапта иман, тазалық, намаз, жамағат, ораза, зекет және қажылық мәселелері сұрақ-жауап түрінде баяндалады.

Алла Тағала баршамызды намазды ықыласпен оқитын, ғибадатты сүйетін құлдарынан етсін!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: