Меркі: Мешіт имамы сауат ашу дәрістерін жүргізуде

Меркі: Мешіт имамы сауат ашу дәрістерін жүргізуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мыңқазан ауылы «Сиқымбай ата»  мешітінің имамы Бейсенов Руслан жамағатқа  сауат ашу дәрістерін өткізуде.

Дәрістердің басты мақсаты – мешітке келуші жамағаттың діни білімін арттыру, Құран әліппесін үйрету және намаз оқудың тәртібін меңгерту.

Сабақ барысында  ислам негіздері, ғибадат шарттары мен әдептері түсіндіріліп, күнделікті өмірде қолдануға болатын пайдалы насихаттар айтылады. Жамағат үлкен қызығушылық танытып, білім алуға ынталы түрде қатысуда.

Мешіт имамы бұл дәрістер арқылы қоғамда имандылық пен бірлікті нығайтуға, жастар мен ересектердің діни сауатын көтеруге үлес қосуда.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: