Шу ауданыңда рухани және спорттық бірлікті нығайтқан ерекше шара — мешіт жамағаттары арасындағы кіші футболдан турнир ұйымдастырылды. Бұл додаға аудандағы 15 мешіттің жамағаты қатысып, өзара шеберлік пен ұйымшылдық танытты.
Жарыстың басты мақсаты — жамағаттар арасындағы бауырмалдық пен таныстықты арттыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау болды. Ойын жоғары деңгейде өтіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, он бағалады.
Әділқазылар алқасы тартысты ойындардың нәтижесінде үздік үш команданы анықтады:
I орын – «Қойайдар баба» мешіті
II орын – «Төле би» мешіті
III орын – «Рақыш ата» мешіті
Жеңімпаз командалар мен белсенді ойыншыларға мадақтама қағаздары, кубок табысталды.
Жарыс соңында жамағат өкілдері мұндай бауырластық пен сергектікті арттыратын ойындардың алдағы уақытта да дәстүрге айналуын ұсынды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



05 Ноябрь 2025
14 Джумада-авваль 1447

