Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлы аудан және ауыл имамдарына арналған «Уақып қорының қызметі және оның маңызы» тақырыбында семинар өткізді.
Жиында бас имам уақып ұғымының шариғаттағы орны мен қазіргі қоғамдағы рөлі туралы кеңінен түсіндіріп, қордың негізгі бағыттары мен мақсаттарын таныстырды.
Сонымен қатар, уақып арқылы әлеуметтік, білім беру және қайырымдылық жобаларын жүзеге асырудың маңыздылығы сөз болды. Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, тәжірибе бөлісті.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



05 Ноябрь 2025
14 Джумада-авваль 1447

