Республика күніне орай Меркі аудандық «Меркі ата» мешіттің бас имамы Азамат Берікұлы жастармен арнайы кездесу өткізді. Шараның мақсаты – ел тәуелсіздігі мен мемлекетшілдік құндылықтарын жастар арасында дәріптеу, отансүйгіштік пен имандылықты ұштастыра отырып, ұлт болашағына жауапкершілік сезімін қалыптастыру болды.
Кездесу барысында бас имам еліміздің даму жолы мен тәуелсіздіктің қадірін ұғынудың маңыздылығына тоқталып, жастарды дін мен дәстүрді ұлықтауға, қоғам өміріне белсенді араласуға шақырды. Сондай-ақ, имам ел бірлігі, татулық пен рухани тұрақтылықтың мәні туралы тағылымды ойлар айтып, қатысушыларға ізгі тілегін жеткізді.
Жастар өз кезегінде сұрақтар қойып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Шара соңында бас имам Республика күнімен барша жастарды құттықтап, еліміздің өркендеуі жолында білімді, иманды әрі белсенді болуға шақырды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



05 Ноябрь 2025
14 Джумада-авваль 1447

