Қызылқыстақ ауыл «Әл-Карим» мешітінің имамы Алпысбаев Есбол жамағат арасында «Салт-дәстүр және дін» тақырыбында сұрақ-жауап ойынын ұйымдастырды.
Шараның мақсаты – халқымыздың бай рухани мұрасын насихаттау, жамағаттың ұлттық салт-дәстүр мен ислам дінінің өзара байланысын тереңірек түсінуіне ықпал ету болды.
Ойын барысында қатысушыларға дәстүр мен дінге қатысты түрлі сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендерге ынталандыру сыйлықтары, кітаптар табысталды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



05 Ноябрь 2025
14 Джумада-авваль 1447

