Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ақ шашты, ақ сақалды мұсылман қарияны, Құран оқып, оның үкімдерін орындайтын хафизды және әділ патшаны құрметтеу – Алланы ұлықтаудың бір түрі» деген.
Расында, дінімізде Алла Тағаланы ұлықтау тек тілмен зікір ету немесе құлшылықпен шектелмейді. Алла разылығы үшін жасалған әрбір игі іс – ұлықтаудың көрінісі. Ислам дінінің көркемдігі де осында. Осы орайда, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Сарыбұлақ ауылының «Сахаба» мешітінде әжелер алқасы мүшелерінің ашылу жиыны өтті.
Шараның мақсаты – аға буын аналарымызды бір арнаға ұйыстыру, жастарға өнеге көрсету және рухани құндылықтарды жаңғырту. Жиында қатысушылар жылы лебіздерін білдіріп, ізгі ниеттерін айтып, дұға жасады. Алла Тағала бұл бастаманы берекелі етіп, қоғамға пайдасы тиетін істердің бастауы қылсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



08 Ноябрь 2025
17 Джумада-авваль 1447

