Құран Кәрім мен хадистерде мұсылмандардың құлшылық жасайтын әрі пенде мен Раббысының байланысын күшейтетін қасиетті орын «мешіт» деп аталған. Бұл атаудың өзінде терең мән бар. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Құлдың Раббысына ең жақын сәті – сәжде жасаған кезі», – деген. Демек, мешіт – пендені Раббысына жақындататын рухани мекен.
Осы қасиетті орындардың тәртібі, тазалығы мен жалпы жағдайын бақылау мақсатында Қордай ауданы бас имамы Егізбаев Әлмұханбет пен аудандық мешіттің наиб имамы Әнебеков Жанұзақ арнайы барып, «Рахман» мешітінде зерделеу жұмысын жүргізді. Мешіттің жалпы ахуалы оң бағаланып, имам Кеулімжаев Нұрмұхаммедке аудан басшысы алғыс білдірді. Қызметін адал атқарып, Алланың разылығын көздейтін жандар көбейе берсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызмет



08 Ноябрь 2025
17 Джумада-авваль 1447

