Адам баласына берілген аманаттардың ішіндегі ең маңыздысы – отбасы аманаты. Отбасының жағдайын реттеп, оларға қамқорлық жасау – отағасының міндеті.
Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сенің мойныңда жанұяңның ақысы бар. Ендеше, әрбір хақылының хақысын бер», – делінген. Қазақ халқының ұлт болмысында ерекше орын алған салттардың бірі – тұсаукесер. Шілдехана мен бесік тойдан кейін өткізілетін бұл дәстүр баланың тәй-тәй басқан алғашқы қадамдарын қуанышпен қарсы алуға арналған. Тұсау кесу арқылы балаға «қадамың құтты болсын», «жолы ашық болсын», «тез жүріп кетсін» деген ізгі тілектер айтылады. Осындай игі дәстүрдің алғашқысы Қордай ауданы, Сарыбұлақ ауылының «Сахаба» мешітінде өткізілді. Тұсаукесер «Сахаба» мешіті жаңа құрылған әжелер алқасы мүшелерінің қатысуымен өтті.
Батырдың тұсауын Шу ауданы әйел-қыздар сектор басшысы Сәуле Нұрсұлтанқызы ігі тілекпен,ыстық ықыласпен жақсылықтар жаудырып кесті. Шара барысында жиналған жамағат қуаныш иелеріне ақ батасын беріп, жақсы тілектерін білдірді.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



08 Ноябрь 2025
17 Джумада-авваль 1447

