Қордай: «Ата-ана қадірі» тақырыбында насихат айтылды

Қордай: «Ата-ана қадірі» тақырыбында насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адам баласы – Алла Тағала жаратқан жаратылыстардың ішіндегі ең ұлысы. Хақ Тағала адамзат ұрпағын ата-ана дәнекерлігі арқылы көбейткен. Сондықтан кез келген пенде үшін дүниедегі ең қымбат жандар – туған ата-анасы.

Алла Тағала Құран аяттарында ата-ананың мәртебесін ерекше дәріптеп, оларға құрмет пен ізгілік көрсетуді Өзінен кейінгі міндет ретінде жүктеген.Осы тақырып аясында «Рахман» мешітінің имамы Нұрмұхаммед Кеулемжаев жамағатқа «Ата-ана қадірі» жөнінде тағылымды уағыз айтып, мәселені жан-жақты түсіндіріп берді. Сондай-ақ, көпшіліктің көкейіндегі сұрақтарға жауап берілді.Баршамызға ата-анамыздың разылығын алып, ізгі ұрпақ болуды Алла нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: