Қордай: Жамағатпен намаз оқудың пайдасы түсіндірілді

Қордай: Жамағатпен намаз оқудың пайдасы түсіндірілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам діні – жамағат діні. Сондықтан жамағатпен намаз оқуға ерекше мән берілген. Ханафи мәзһабында ер кісілердің бес уақыт парыз намазды жамағатпен оқуы – бекітілген сүннет.

Ал басқа мәзһабтағы кейбір ғалымдар оны парыз деп үкім еткен. Екі кісі болса да, намазды жамағатпен оқу – мұстахаб амал. Себебі жамағатпен намаз оқу арқылы мұсылмандар бір-бірімен танысып, бауырмалдық байланыс күшейеді. Періштелер секілді сап түзеп, бірлікпен оқылған жамағат намазының сауабы жеке оқылған намаздан жиырма жеті есе артық.

Қордай ауданы, Отар ауылындағы «Ұлан» мешіті имамы Оразалиев Қанатбайдың ұйымдастыруымен «Жамағатпен намаз оқудың пайдасы мен сауабы» тақырыбында уағыз-насихат айтылды. Діни сауатты жамағатымыз көп болсын. Дұға тілектері қабыл болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: