"Әбдібай ата" мешітінің имамы Асқарбек Серікұлы жамағатқа уақып жайлы кең көлемде уағыз-насихат айтып өтті. Өз сөзінде Асқарбек имам уақыптың ислам дініндегі маңызы мен оның қоғамдағы рөлін түсіндіріп, бұл іс-шараның құндылығын айқын көрсетті.
Уақып — бұл адамдардың дүниелік игіліктерін қоғамның игілігі үшін беру, оны ерекше бір мақсатқа (мұқтаждарға көмек көрсету, білім беру, мешіттер, ауруханалар, мектептер ашу) арнап, сол заттарды, қаржыны немесе жерді басқалардың пайдалануына беру болып табылады. Уақыптың мағынасы мен мәні тек материалдық заттармен шектелмейді, ол сондай-ақ рухани маңызы зор іс-шара ретінде қарастырылады деп сөзін түйіндеді.
Асқарбек Серікұлы өз уағызында уақыптың өмірге деген көзқарасымызды қалай өзгерте алатынын және оның дініміздегі үлкен орнын атап өтті. Ол сондай-ақ жамағатты уақып жасаудың әрбір мүмін үшін маңызды екенін түсіндіріп, қоғамның ізгілігі үшін мұндай шараларға белсене атсалысуға шақырды.
"Әбдібай ата" мешітінің баспасөз қызметі