Аққұм ауылы "Тұңғатар ата" мешітінің имамы Абатов Дәурен ауылдық мәдениет үйінде жиналған көпшілікке діни фанатизмнің зардабы туралы кең көлемді уағыз-насихатын жүргізді. Уағыз барысында Дәурен имам діни фанатизмнің мәнін, пайда болу себептерін және оның жеке адамға, қоғам мен мемлекетке тигізетін зиянды әсерін нақты мысалдармен түсіндіріп өтті.
Шынайы ислам - мейірім мен теңгерімділік діні. Фанатизм бұл ұстанымды жоққа шығарып, дінді қорқыныш пен жаза құралына айналдырады. Дәурен имам діни фанатизмнің алдын алу үшін әр азаматтың діни сауаттылығы жоғары болуы керек екенін ескертті. Ол дінді терең түсіну үшін сенімді, ресми діни мекемелерге жүгінуге кеңес берді. Жиын соңында жамағат көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, имам оларға жан-жақты әрі нақты жауаптар берді.
"Тұңғатар ата" мешітінің баспасөз қызметі.