Талас: Еліміздегі белсенді діни ағымдар туралы ескертілді

Талас: Еліміздегі белсенді діни ағымдар туралы ескертілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Әбдірашит ата" мешітінің имамы Ахат Қайыпбергенұлы еліміздегі белсенді діни ағымдар туралы жамағатқа кең көлемді уағыз-насихатын жүргізді. Уағыз барысында Ахат имам елімізде таралған түрлі діни ағымдардың ерекшеліктері мен олардың қоғамға әсері жайында жан-жақты түсіндіріп өтті.

Ахат Қайыпбергенұлы өз сөзінде еліміздегі діни тұрақтылықты сақтау үшін әрбір азаматтың діни сауатты, рухани ұстанымы мықты болуы керектігін баса айтты. Ол жастарды әлеуметтік желі мен интернет кеңістігіндегі күмәнді ақпараттардан сақ болуға шақырды. Жиын соңында имам жамағат тарапынан қойылған түрлі сұрақтарға жауап беріп, діни білімді тек Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты мешіттер мен медреселерден алу қажеттігін еске салды.

"Әбдірашит ата" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: