"Әбдібай ата" мешітінің имамы Асқарбек Серікұлы мешітке жиналған жамағатқа діни жат ағымдардың негізгі белгілері туралы насихат жүргізді. Өз сөзінде имам Асқарбек діни сенімнің тазалығы мен дәстүрлі ислам жолының маңыздылығын атап өтіп, жат ағымдардың қоғамға тигізер кері әсеріне ерекше тоқталды.
Олардың көзқарасы көбіне сырт елдерден келген теріс пиғылды ағымдарға негізделеді. Жиын соңында имам Асқарбек Серікұлы жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, дін мәселесінде сауатты болудың, діни білімді тек сенімді әрі ресми көздерден алудың маңыздылығын атап өтті.
"Әбдібай ата" мешітінің баспасөз қызметі