ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫ АРАСЫНДА "САДАҚ АТУ – СҮННЕТІМ" САЙЫСЫ ӨТТІ

ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫ АРАСЫНДА "САДАҚ АТУ – СҮННЕТІМ" САЙЫСЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның жылдық жоспарына сәйкес Әйел-қыздар секторының Жамбыл облысындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Садақ ату – сүннетім» атты спорттық сайыс өтті.

Сектор жетекшісі Жазира Иманалиеваның бастамасымен нәзік жандылар қолдарына садақ алып, мергендіктерін сынады. Сайыс барысында қатысушылардың ынтасы мен шеберлігі айқын көрініп, жамағат арасында ерекше рух қалыптасты.

Жүлделі орын алған жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

Бұл игі шара – әйел жамағатының салауатты өмір салтын ұстанып, сүннет амалдарын жаңғыртуына сеп болып қана қоймай, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге де жол ашты.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: