Меркі: «Дін және мен» тақырыбында жастармен кездесу өтті

Меркі: «Дін және мен» тақырыбында жастармен кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы, Жамбыл ауылдық округінде жастар арасында «Дін және мен» тақырыбында маңызды кездесу ұйымдастырылды. Жиынға Меркі аудандық "Меркі ата" мешітінің наиб имамы Пирназаров Бауыржан қатысып, жастарға діннің қоғамдағы орны мен рухани тәрбиенің маңыздылығы жайында кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында діннің адам өміріндегі рөлі, рухани кемелдену мен көркем мінездің қоғамға тигізер пайдасы жайлы маңызды тақырыптар қозғалды. Сондай-ақ, әрбір азаматтың өз ортасына діни тәлім-тәрбиесі мен ізгі амалдары арқылы үлес қосуы керектігі ерекше атап өтілді.

Бұл басқосу жастардың діни сауатын арттырумен қатар, оларды қоғамға пайдалы, білімді әрі ізгі ниетті азамат болуға үндейтін тағылымды жиын болды.

Меркі аудандық "Меркі ата" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: