Меркі: Жас отбасыға «Ислам және отбасы құндылығы» жайлы насихат айтылды

Меркі: Жас отбасыға «Ислам және отбасы құндылығы» жайлы насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық "Меркі ата" мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы жаңа отау құрып жатқан жас жұбайлардың некесін қиып, оларға "Ислам және отбасы құндылығы" тақырыбында насихат айтты.

Бас имам шаңырақ көтерген жастарға мешіт ұжымы атынан арнайы сыйлық тарту етіп, отбасы құндылықтарының маңыздылығын түсіндірді. Сондай-ақ, ерлі-зайыптылардың өзара сыйластығы, ата-ананың разылығы, ұрпақ тәрбиесі секілді маңызды мәселелерге тоқталып, уағыз-насихат жүргізді.

Жиын соңында жас отбасыға ақ батасын беріп, Алладан берекелі, берік шаңырақ нәсіп етуін тілеп, дұға жасады.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: