Меркі: Меркі жамағаты қасиетті «Бараат» түнінде айлық дастарханда бас қосты

Меркі: Меркі жамағаты қасиетті «Бараат» түнінде айлық дастарханда бас қосты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы.  Қасиетті «Бараат» түнінде аудан имамдары мен мешіт жамағаттары  Тәтті ауылдық мешітінде жайылған айлық дастарханда бас қосты.

«Бисмиллә» деп айлық дастарханымыз қасиетті Құран аятын оқумен  және батамен басталды.  Ауданның бас имамы Азамат Берікұлы жиынға келген жамағатқа «Бараат» түнінің қадір-қасиеті жайында айтып, осы түнде көптеп құлшылық істеуге, зікір жасауға, Құран оқуға шақырды. Бұған қоса  алдымызда келе жатқан қасиетті Рамазан айына қамдану жайында және бұл ай мұсылман адамның сауапқа кенелетін айы екенін айтып, оразаның пайдасы мен қадір-қасиеті жайлы кеңінен түсіндірді.

Іс-шара барысында Қызылқыстақ ауылы «Әл-Карим» мешітінің имамы Алпысбаев Есбол және «Меркі ата» мешітінің наиб имамы Пирназаров Бауыржан жиналған жамағатқа уағыз-насихаттарын айтып, халықты ізгілікке шақырды. Аудан бас имамы және мешіт жамағаттары  осы айлық дастарханды ұйымдастырған ауыл имамы мен  жамағатына алғыстарын айтты.

Меркі ауданедық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: