Жамбыл ауданы, Бектөбе ауылы, " Бектөбе" мешітінің имамы Ғани Таңатаров мешітке келген жамағатқа "Ислам және отбасы құндылықтары" тақырыбында уағыз айтты. Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жылды отбасына арнап "Ислам және отбасы құндылықтары" деп жариялағандығын айтып өтті.
Имам: "Негізі отбасы тақырыбы діни қызметкерлер бұл жылы ғана атап өтіп жатқан мәселе емес, неке қиғанда, басқа да уағыздарында да айтылып келгендігі баршаға аян. Отбасындағы ерлі-зайыптылардың орны, отбасын сақтап қалуға ат салысу, некенің бұзуға жетелейтін факторларды болдыртпауға қоғам болып қарсы тұруымыз керек", - деп айтып өтті.
Қоғамдағы ата-ана қадірін аяқ-асты етпеу, үлкенге құрмет жасау керектігі айтылды. Соның ішінде қазіргі таңда ажырасу көп болып тұрған заманда жастарға, ұлы болсын, қызы болсын түсіндіру, ер бала отағасына, қыз баласын үйдің түтінінің түзу шығуына, ата-енені әке-шешесіндей қарауға, күйеуін пір тұтуға тәрбиелеген қоғамның ұрпағы екенімізді ұмытпайтындай тәрбиелеу міндетті екендігі айтылды. Алла Тағала отбасымыздың шайқалмауын нәсіп етсін. Шараға 45 адам қатысты.