Ислам және отбасы құндылықтары жылына орай отбасындағы тәрбие мен қоғамдағы ата-ананың рөлі тақырыбында кеш өтті. Іс-шара жергілікті спорт кешеніңде ұйымдастырылды.
Сөз барысында аудан әкімінің орынбасары Найман Кенжеханұлы жас ұрпаққа тәлім-тәрбие мен рухани байлық жайында айта кетсе, дін саласының маманы ауданның бас имамы Алмас Кенжемолдаев діни құндылықтарды дәріптеу мен жат ағымдардың алдын алу мәселесін тілге тиек етті.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.