Далақайнар ауылында қасиетті Рамазан айына орай «Арақсыз ауыл» бастамасы жүзеге асуда. Игі шара аясында ауыл ақсақалдары мен ауыл мешітінің имамы Көдебай Дүйсенғали Молдақасымұлы жергілікті дүкендерді аралап, тұрғындарға ішімдіктен бас тартудың пайдасын түсіндірді.
Имам өз уағызында салауатты өмір салтын ұстанудың, Рамазан айында рухани тазарудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарын бірлік пен татулыққа, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.