Шу аудандық «Жәми» мешітінің Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Қасиетті Шағбан айына орай рухани іс-шара өтті. Жиынның басты мақсаты — жамағатқа Рамазан айының маңыздылығын түсіндіріп, имандылыққа шақыру болды.
Игі іс барысында әйел-қыздар жамағаты арнайы жайылған дастарханда бас қосып, ұстаздар уағыз-насихаттың айтты. Шәкірттер Рамазан айына байланысты танымдық көріністер қойып, түрлі қызықты ойындар аясында діни сауалдар қойылып, дұрыс жауап бергендерге арнайы сыйлықтар табысталды. Жылы жүздесу бірлікті нығайтып, әрбір аруға қуаныш сыйлады.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.