"Тазалық – иманның жартысы" деген. Хадисі арқылы мұсылмандарды тазалыққа жіті мән беруге шақырған. Мұсылманның ең абзал құлшылығы намаз екені баршамызға аян. Сол намаздың дұрыс болуы үшін, денеміз, киіміміз және намаз оқитын жеріміз нәжістен таза болуы шарт. Егер, осы аталған үшеуінің бірі таза болмаса намазымыз да дұрыс болмайды. Сондықтан да, мұсылман адам үшін ең маңызды амал – тазалық.
Жамбыл облысы Қордай ауданы "Құдайберген " және "Білім " мешіттерінде Малика Аханқызының ұйымдастыруымен тазалық жасалды . Екі мешіттің шәкірттерімен жамағаты ат салысқан тазалықта: мешіт, сынып және аула тазалығы қолға алынды. Екі мешітті шәкірттері, Рамазан айына даярлады. Шағбан айын ізгі амалмен толтырып, қасиетті айда Алланың разылығын ниет етті.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі