ТАЛАС: АУДАНДА ЖАҢА МӘЙІТХАНА АШЫЛДЫ

ТАЛАС: АУДАНДА ЖАҢА МӘЙІТХАНА АШЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Талас ауданында аудандық “Қаратау Қажы би” мешітінің бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлының бастамасымен және “Ризық-Мүбәрак” қоғамдық қорының демеушілігімен жаңа мәйітхана ашылды. Бұған дейін ауданда мұндай нысан болмаған.

Жаңа ғимарат екі негізгі бөлмеден тұрады: бірі – қайтыс болған кісінің денесін сақтауға арналған салқын бөлме, екіншісі – шариғат талаптарына сай жуындыру бөлмесі. Жаназа және жерлеу рәсімдеріне қажетті барлық талаптарға сай жабдықталған мәйітхананың ашылу рәсіміне Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Әсемов Жұман ақсақал және мешіт жамағаты қатысты.

Аудандық “Қаратау Қажы би” мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: