Жамбыл облысы, Талас ауданында Байтоқты баба мешітінің имамы Оспанов Бақдәулеттің ұйымдастыруымен 100 отбасына қайырымдылық жасалды.
Игі іске ауыл кәсіпкерлері демеушілік жасап, жалпы 1 200 000 теңге көлемінде қаржы жұмсалды. Өз кезегінде Бақдәулет имам қайырымдылыққа атсалысқан азаматтарға алғысын білдіріп, "Ізгі қоғам – әрбіріміздің жасаған ізгі амалдарымыздан басталады" деп атап өтті.
"Байтоқты баба" мешітінің баспасөз қызметі.