Талас ауданы, Үшарал ауылындағы Абдулла Ишан мешітінде молда Көпбосынұлы Қыдырбектің ұйымдастыруымен мешіт жамағатымен жиын өтті.
Жиын барысында Қыдырбек молда дін қызметкерлері тек асыл дінімізді ғана емес, қазақтың салт-дәстүрін де кеңінен насихаттауы қажет екенін атап өтті. Ол ұлттық құндылықтар мен рухани тәлім-тәрбиенің өзара тығыз байланыста екеніне тоқталып, дәстүрімізді дәріптеудің маңыздылығын тілге тиек етті.
"Абдулла Ишан" мешітінің баспасөз қызметі.


01 Ноябрь 2026
20 Джумада-авваль 1448

