Талас ауданы, Ақкөл ауылында қасиетті Шағбан айының құрметіне кең дастархан жайылды. Іс-шараны Ақкөл мешітінің имамы Амиров Сейткамаладдин ұйымдастырып, ауыл халқына тағылымды басқосу өткізді.
Жиын барысында Сейткамаладдин имам жамағатқа Шағбан айының артықшылықтары мен пайдаларын кеңінен түсіндіріп, уағыз-насихат айтты. Жиналған көпшілік рухани шараға ризашылықтарын білдіріп, ауыл имамына алғыстарын айтып, ізгі тілектерін жолдады.
"Ақкөл" мешітінің баспасөз қызметі.


25 Апрель 2026
8 Зуль-каада 1447

