Талас ауданы, Ақкөл ауылында ұлттық дәстүрімізді дәріптеу мақсатында асық ату және ләңгі тебу ойындарынан сайыс өтті. Бұл шараны Ақкөл мешітінің имамы Амиров Сейткамаладдин ұйымдастырды.
Жарысқа ауыл тұрғындары белсене қатысып, ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орын иеленген азаматтарға Сейткамаладдин имам қаржылай сыйақы табыстап, құттықтау сөзін арнады.
"Ақкөл" ауылының баспасөз қызметі.