Т.РЫСҚҰЛОВ: «МӘУЛІТ» МЕРЕКЕСІ АТАП ӨТІЛДІ

Т.РЫСҚҰЛОВ: «МӘУЛІТ» МЕРЕКЕСІ АТАП ӨТІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы «Сұлтан» орталық мешітінің ұстазы Айгерім Шыналидің ұйымдастыруымен сауат ашу курсының шәкірттерінің қатысуымен мәуліт мерекесі атап өтілді.

Мешіт шәкірттерімен өткен іс-шарада ұстаз шәкірттерге картинка арқылы сирадан, яғни Пайғамбарымыздың (с.а.с) өмірбаянынан картинкалар арқылы тапсырмалар берді, сол картинкада бейнеленген оқиғаларды табуы керек. Дұрыс жауап берген қатысушыларға сыйлықтар ұсынылды. Мешіт шәкірттері Пайғамбарымыздың с.а.с өмірбаянын өзара жарыса айтып, рухани отырыс жоғары дәрежеде өтті. Сонымен қатар, мереке құрметіне дастархан жайылып, ас мәзірі ұсынылды. Қатысқан шәкірттер Пайғамбар өмірінен өнеге алып, рухани дамып қайтты.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: