Қарттар күні – халықаралық мерекесі 1990 жылдың 14-ші желтоқсанында ресми бекітілген. Халықаралық қарттар күні 1991 жылдан бері 1 қазанда тойланып келеді.
Осыған орай, Жамбыл облысы, Қордай ауданында «Қарттар күні» аталып өтті. Аталмыш жиынға арнайы шақырылған ардагерлер төрағасы Біржан Әлімбетұлы сөз сөйледі. Сонымен қатар ауылдық ардагерлер төрағасы, ауданның және Қордай ауданына қарасты ауылдардағы ақсақал, билер арнайы түрде шақырылды. Аудан бас имамы Алмұханбетаранжан Егізбаев отырыста сөз сөйлеп «Қарттарым-қазынам» деп қарайтын біздің қоғамда үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі – қазақ халқының ата салты екенін сөзге тиек етіп, аузы дуалы батагөй ақсақалдарды мерекелімен құттықтады.